457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

2025 жылы ақылы жолдармен жүру 50%-ға қымбаттайды

2025 жылы Қазақстандағы ақылы жолдармен жүру құны 50%-ға дейін қымбаттайды деп хабарлады Қазақстанның көлік министрі Марат Карабаев, бұл өзгеріс жолдарды күтіп ұстау және тозған жолдарды жөндеу үшін керек. Бұл туралы Власть сайты жазды.

«Біз 4 мың шақырымдық жаңа жол учаскелерін пайдалануға береміз. Ол жолдарда баға тұрақты болады. Ал  пайдалануға бұрын берілген 17 учаскеде жағдай әртүрлі. Жолдарды күтіп ұстау аса қажет, сондықтан бағаны 40%-дан 50%-ға дейін арттырамыз», – деді Карабаев.

Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар үшін тарифтер бұрынғы қалпында қалады: олар жылына шамамен 3 мың теңге төлейді. Тарифтер шетелдік және транзиттік көліктерге, сондай-ақ автомагистральдарды пайдаланатын азаматтарға қатысты қолданылады.

Фото: finance.digitalbusiness.kz

Самое читаемое