Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарындағы республикалық автожолдар ашылды

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы еліміздің республикалық автожолдардағы көлік қозғалысының ашылуы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұлттық компания дерегі бойынша, бүгіннен бастап мына жолдарда қозғалыс ашық:
1. Қарағанды облысы
- «Екатеринбург – Алматы» жолының 1353-1426 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау төлем ақы алу пункті аралығы;
- «Қызылорда – Павлодар» жолының 967-1135 шақырымы, Қарағанды қ. – Павлодар облысының шекарасы аралығы;
- «Қарағанды – Аягөз – Боғаз» жолының 17-217 шақырымы, Қарағанды қ. – Қарқаралы қ. аралығы.
2. Ақмола облысы
- «Екатеринбург – Алматы» жолының 1292-1353 шақырымы, Жібек жолы төлем ақы алу пункті – Қарағанды облысының шекарасы аралығы.
3. Павлодар облысы
- «Қызылорда – Павлодар» жолының 1135-1206 шақырымы, Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті ауылы аралығы.
Фото: