457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Үш облыста жабылған жолдардың біразы қайта ашылды

Көлік қозғалысы әлі де бірқатар жерде шектеліп отыр

Бүгін, 12 қазанда сағат 08:00-ден бастап ауа райының жақсаруына байланысты мына республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түріне қозғалыс ашылады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы жол ашылған бағыттардың тізімін жариялады:

• «Астана – Петропавл» жолының 18-304 шақырымы (Астана қ. – Щучинск қ. – Көкшетау қ.);

• «Астана – Петропавл» жолының 304-341 шақырымы (Көкшетау қ. – СҚО шекарасы);

• «Көкшетау – Атбасар» жолының 0-185 шақырымы (Көкшетау қ. – Атбасар қ.);

• «Көкшетау – Рузаевка» жолының 0-61 шақырымы (Көкшетау қ. – СҚО шекарасы);

• «Көкшетау қ. айналма жолының» 0-18 шақырымы;

• «Көкшетау – Омбы» жолының 14-50 шақырымы (Көкшетау қ. – СҚО шекарасы);

• «Екатеринбург – Алматы» жолының 1003-1128 шақырымы (Атбасар қ. – Астраханка ауылы);

• «Астана – Ерейментау – Шидерті» жолының 16-200 шақырымы (Астана қ. – Павлодар облысының шекарасы).

Айта кетейік, түнде ауа райының күрт бұзылуына байланысты Ақмола, СҚО, Павлодар облыстары аумақтарында бірнеше республикалық және халықаралық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылған еді.

Фото: Kazpravda.kz / Әділбек Тәуекелов

Самое читаемое