457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Республикалық маңызы бар 8 автожолға шектеу қойылды

«Қазавтожол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылғы 5 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3280 метр болатын су тасқыны болды, - делінген хабарламада.

6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында (ұзындығы 398 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 285 техника мен 312 адам жұмылдырылған.

Фото: видеодан скрин

Самое читаемое