457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Таза Қазақстан»: Республикалық акцияға түркістандық жастар қосылды

Акцияға 100-ге жуық жас пен университет студенттері қатысты

Түркістан қаласында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Түркі бағы» саябағында сенбілік өтті. Игі бастамаға облыстың белсенді жастары атсалысты. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.

 Қоршаған ортаны қорғауға, айналаны таза ұстауға бағытталған акцияға 100-ге жуық жас пен университет студенттері қатысты. Айта кетейік, аталған сенбілікте саябақ аумағына тазалық жұмыстары жүргізіліп, талдардың түптерін әктеу шаралары қоса қамтылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Самое читаемое