457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Экология министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақстандықтарды "Жер сағаты" акциясына қатысуға шақырды

Экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақстандықтарды "Жер сағаты" акциясына қатысуға шақырды, - деп жазады Malim.kz тілшісі.   

Министрлік мәліметінше, бұл жаһандық бастама климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған. Сондықтан 22 наурыз кешкі сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін жарық сөндіруге шақырылды. 

"22 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл әлем бойынша "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясы өтеді. Ұйымдар мен кәсіпорындарға да осы бастамаға қосылып, сағат 20:30 бен 21:30 аралығында ғимараттардың сыртқы жарықтандыруын (архитектуралық, декоративтік жарық) сөндіру ұсынылады", – делінген министрлік хабарламасында.

Фото: Pixabay.com

Самое читаемое