457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

142 азамат кешке көшеге шығамын деп түрмеге қамалды

321 адамның үйінде бар-жоғы тексерілген

Түркістан облысында 142 азамат пробация талаптарын бұзып, түрмеге қайта қамалды. 


Облыс прокуратурасының хабарлауынша, құзырлы орган қараша айының ортасында, кешкі сағат 20:00-22:00 арасында «Қадағалау» атты шара өткізген. 

«Акция аясында прокурорлар облыстағы 17 қала мен ауданды аяқ асты тексерген. Олар мерзімінен бұрын босап шыққан 321 адамның үйінде бар-жоғын тексеріп, 9 адамның заңды елемей, үйінде отырмағанын анықтаған. Прокурорлар осы 9 адамның ішінде 2 адамды қайтадан түрмеге қамау туралы ұсыныс жолдап, соттан жауап күтіп отыр», - деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Жалпы жыл басынан бері облыс прокурорлары түрмеден ерте шығып, пробация талаптарын бұзған 142 адамды анықтап, оларды сот арқылы қайта түрмеге жапқан.

Фото: freepik

 

Самое читаемое