4 бала зардап шекті: Қызылордада жеке тұрғын үйде жарылыс болды

Қызылордада газдың жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй қирады. Төрт бала зардап шекті, деп хабарлайды Malim.kz.
28 шілдеде сағат 19:56-да Қызылорда қаласының әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасының ағуы салдарынан қирау орын алды. 4 жасөспірім зардап шекті, - деп хабарлады Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта олар облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде.
Фото: ТЖД