457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ұлытау облысындағы шахтада 31 жастағы жұмысшы мерт болды

Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» кенішінде тағы бір кенші көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.

19 наурызда Ұлытау облысында орналасқан Шығыс-Жезқазған кенішінде жазатайым оқиға болған. «Қазақмыс» компаниясы мәліметінше, №57 шахтада тауар-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде 1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен.

Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен ұжымы марқұмның жақын туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті көмек көрсетіледі, оның ішіне жерлеу шығындары да кіреді,- делінген хабарламада. 

2025 жылы 18 ақпанда ТЖМ жеті жұмысшы қаза тапқанын, олардың жеке басын анықтау үшін сараптама жүргізілетінін хабарлады. 

«Жомарт» кеніші Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Онда мыс сульфиді өндіріледі. Ал «Қазақмыс» корпорациясының ірі акционері - Kazakhmys Copper.

Фото: istockphoto.com

Самое читаемое