457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Анасынан айырылған 7 бала баспаналы болды

Шымкентте анасынан айырылған жеті балаға пәтер сыйланды

Журналист Гүлмира Әбіқай Шымкентте анасынан айырылған жеті балаға қатысты жағымды жаңалық жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Екі апта бұрын кенеттен панасыз қалған 7 бала көмек сұраған еді. Анасы белгісіз жағдайда 3-ші қабаттан секіріп қайтыс болды. Әкесі бұл өлімге күдікті деп қамалды. Баланың үлкені 20-да, кішісі 2-де. Төбесінен жай түскендей сәтте кәмелетке толмаған 5 бауыр мемлекет қарауына өтті. Тарыдай шашыраған 7 баланың басы қосылу үшін үй қажет. Осы жайлы жазғаным сол екен, 2 тәулікте жетерлік қаражат жиылды. Шымкент ортасынан 3 бөлмелі пәтер сатып алып, ересек қызға рәсімдедік. 5 бауырдың басын қосып, бәрі әпкесінің қамқорлығына өтті. Қала орталығы, жайлы аудан, жаңа үй. Аулада 6 мектеп, 4 бақша бар", - деп жазды ол. 

Сондай-ақ, балалар еш кедергісіз мектеп, бақшаға орналасқан.

"Шымкент білім басқармасы өзі қадағалайды. Тегін ұсынылған 40-тан аса үйірмеден қалағанын таңдайды. Екі әпкесі де 6 жастан жұмыс істеп үйренген, шаруа таңдамайды. Бірі даяшы, бірі тігінші. Жанашыр оқырманым балалардың бәрін үйге қажетті киімдермен қамтыды. Жандос есімді оқырманым отбасын көшіру, тасуға көмектесіп, 1 жылға электрлік, сантехникалық тегін қызмет ұсынды", - деді ол. 

Фото: Baq.kz видео кадры

Самое читаемое