Ырғызда автобус бұзылып, ішіндегі шетелдіктер үсіп қала жаздады

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында елуден аса шетелдік мінген жолаушылар автобусы түнде бұзылып, жолда тұрып қалған, деп хабарлайды Malim.kz.
Құтқарушылар «Самара-Шымкент» тасжолында жолаушылар автобусынан 52 шетел азаматын эвакуациялаған. ТЖМ қызметкерлері барлығын, оның ішінде 1 баланы ақаулы автобустан жақын маңдағы Ырғыз ауылының жылыту пунктіне жеткізген.
Көпшілігі Өзбекстан азаматы және алтауы Тәжікстан азаматы. Жолаушылар осы сәтте басқа автобуспен баратын жеріне кетті. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес, деп жазды министрлік.
Фото: ТЖМ