457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өзбекстан халқы 37,5 миллионнан асты

2024 жылы Өзбекстан халқы 743,4 мың адамға немесе 2%-ға көбейген. 2025 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша 37 543,2 мың адамға жетті, деп хабарлады Өзбекстанның статистика агенттігі.

Өзбекстан Орталық Азиядағы жан-саны ең көп мемлекет және халықтың өсу қарқыны жоғары. Дегенмен, елдегі халықтың өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда төмен болды (өткен жылы 2,2% болған).

Өзбекстан статистиктерінің мәліметі бойынша, өткен жылы елде 926,4 мың бала дүниеге келіп, 174,4 мың адам қайтыс болды.

Өткен жылы Өзбекстанға тұрақты тұруға 2,2 мың адам келген (оның 36%-ы Ресейден, 24%-ы Қазақстаннан), ал елден 10,8 мың адам көшіп кеткен (оның 81%-ы Қазақстанға көшкен).

Ташкенттің халқы 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 3 112,8 мың адамға жетті. Өзбекстан астанасы Орталық Азиядағы ең үлкен қала саналады

Фото:kazaknews.kz

Самое читаемое