457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтөбе облысында автобус бұзылып, 61 шетелдік эвакуацияланды

Олар Тәжікстаннан Ресейге бара жатқан

Бүгін таңертең Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы «Қарабұтақ – Комсомол – Қостанай» республикалық маңызы бар а/ж 114 шықырымында «Тәжікстан Республикасы – РФ Челябинск қ.» бағыты бойынша жолаушылар автобусы бұзылып қалған, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан Т.Жүргенов ауылының жылыту пунктіне 61 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы эвакуациялаған.

Эвакуацияланғандардың көпшілігі, Тәжікстан Республикасының азаматтары және Ресей Федерациясының 1 азаматы болып табылады. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес, деп жазды ТЖМ.

Фото: ТЖМ

Самое читаемое