Ақтауда пәтерде өрт шығып, 8 бала құтқарылды

Ақтауда «112» қызметіне 28 «А» ықшам ауданында орналасқан бесқабатты үйдің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Malim.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте 3-қабаттағы кіреберіс ашық жалынмен жанып жатқаны және от пәтерге ауысқаны анықталған.
ТЖМ қызметкерлері автосатымен 10 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 42 адамды, оның ішінде 14 баланы эвакуациялады, деп жазылған ТЖМ мәлімдемесінде.
Қазір өрт сөндірілген, зардап шеккендер жоқ.
Медициналық көмекке 10 адам, оның ішінде 7 бала жүгінген. Дегенмен, олар алғашқы көмек алған соң үйлеріне қайтқан.
Фото: видеодан скриншот