457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда адам ағзасы саудаға түскен

Органдарды сату үшін адам ұрлау бойынша екі іс тіркелген

Қазақстанда адам ағзаларын сатуға қатысты 15 қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті үшінші басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева мәлімдеді.


Көшербаеваның айтуынша, жыл сайын республикада адам саудасына қатысты 150-ге дейін қылмыстық іс қозғалады. Жыл басынан бері 134 қылмыстық іс тіркелген.

«Оның ішінде органдарды сату бойынша 15 қылмыстық іс, органдарын сату мақсатында адам ұрлау бойынша - екі іс, органдарын сату мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша - үш іс, адам саудасы бойынша - 15 іс, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша - 12 іс, және кәмелетке толмаған адамдар саудасы – үш оқиға, жезөкшелікке тарту – жеті факт, притон ұйымдастыру және сутенерлік – 77 факт», - деді полиция қызметкері.    

Фото: ortcom.kz  

Самое читаемое