457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Меркіде ер адам тойға сойылған жылқының қазысы мен тойбастарды ұрлап кетті

Жамбыл облысында тойдың қазысы мен тойбастарын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Меркі ауданында полиция қызметкерлері тұрғын үй-жайларға ұрлық жасаған күдіктіні анықтады. Ер адам тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, алтын әшекейлер, ноутбук және басқа да құнды заттарды ұрлаған. Сондай-ақ басқа тұрғын үйдің қоймасынан азық-түлік (жылқы қазысы), тойбастар сыйлықтарын және өзге де заттарды ұрлап кеткені белгілі болды, - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 39 жастағы ер адам ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің тұрғын-жайға заңсыз кірумен жасалған ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Фото: Polisia.kz.

Самое читаемое