Астанада Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі сатылмай қалды
Астанада Кәрім Мәсімовтің зәулім үйін сатып алуға ниетті адам табылмағандықтан аукцион тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бүгін, 25 ақпанда сағат 10:00-де өтуі тиіс болған сауда өтпей қалғаны туралы электрондық сауда алаңында жарияланған ақпаратта көрсетілген.
Сатылымға шығарылған нысан бойынша аукцион басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмады, – делінген сипаттамада.
Қонақ үйдің бастапқы бағасы 1 883 338 958 теңгені құрады.
Нысан Астананың Нұра ауданында орналасқан. Жалпы ауданы 2877,7 шаршы метр. Тұрғын үй 2008 жылы салынған.
Фото: видеодан кадр