457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жастар құрамасы Дэвис кубогінің іріктеу кезеңінің финалына шықты

Теннис турнирі Шымкентте өтіп жатыр

Шымкентте Азия/Океания Juniors Davis Cup аймағының іріктеу кезеңінің финалистері анықталды. Жартылай финалда Сергей Квак шәкірттері осы іріктеудің жаңа ұжымы – Гонконг командасын 2:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметінің жазуынша, ашылу ойынында Дамир Жалғасбай Ченг Сиу Николасқа қарсы керемет тартысты ойын көрсеткенімен, жеңіліп қалды – 5:7, 6:7 (4:7).

Кортқа өз елдерінің бірінші ракеткасы саналатын: Заңғар Нұрланұлы мен Джек Ченг шықты. Ойын жұрт күткендей әсерлі өтті. Бірінші ойын тайбрейкте шешіліп, Заңғар 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте де қазақстандық ойыншы қарсыласын қысып тастады – 6:2.

Жекпе-жек тағдыры үшінші кездесуде шешілді. Ұйымдастырушылар ойынды кешкі сессияда өткізу арқылы жергілікті көрерменнің делебесін қоздыруды жөн көрді. Ойын басталғанда сағат тілі 23:00-ді көрсеткеніне қарамастан, жанкүйерлер тарамады. Заңғар Нұрланұлы мен Даниэль Тазабеков алаңға дүркіреген қошеметпен шықты. Алғашқы минуттардан-ақ қазақстандықтар белсенділік танытып, қарсыластарына ешнәрсе жасауға мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде бірінші сет 6:1 біздің пайдамызға шешілді. Екінші ойын да бірінші секілді қайталанды: әбден шаршаған Ченг пен Ханг 1:6 есебімен жеңілді, деп жазылған ресми хабарламада.

Енді бүгін, 25 мамырда Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет Азия/Океания жасөспірімдері Дэвид кубогы аймағының іріктеу кезеңінің финалында ойнайды. Қарсылас – жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының екі дүркін чемпионы, Жапония құрамасы.

Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Самое читаемое