457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Оның қарсыласы әлі белгісіз.

Орта салмақ дәрежесіндегі WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

RingPolska сайтының мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлы 13 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы әлі белгісіз. Әлімханұлына қарсылас болуы мүмкін боксшылардың бірі – WBC белбеуінің уақытша иегері Карлос Адамес (23-1, 18 КО).

Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 2023 жылдың 15 қазанында жекпе-жекке шығып, Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңген еді. Осылайша, WBO және IBF ұйымдарының чемпиондық белбеулерін ұтып алды. 

Фото: интернеттен

Самое читаемое