457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Байден Трамп билікке келер алдында 8 млн тауықтың көзін жойған

Джо Байден әкімшілігі Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріспес бұрын шамамен 8 миллион тауықты жойып жіберген.Бұл бағаның өсуі мен жұмыртқа жеткізілімінің тапшылығына әкелді, деп мәлімдеді Трамптың баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт.

"Жұмыртқа дағдарысы – Байденнің дағдарысы, бірақ президент Трамп пен Брук Роллинз оны түзетуде", – деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін АҚШ Еуропа одағының елдерінен жұмыртқа экспортын арттыруды сұраған болатын. Вашингтонның бұл өтінішін Германия, сондай-ақ Дания мен Швеция растады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та құс тұмауы өршігеннен кейін жұмыртқа бағасы қымбаттап, тапшылық пайда болды.

Der Spiegel басылымының мәліметінше, наурыз айының басында АҚШ-та 12 жұмыртқаның бағасы шамамен 8 доллар болған.

Сондай-ақ басылым Германияда да жұмыртқа тапшылығы бар екенін, елде тұтынылатын жұмыртқаның төрттен бірінен астамы импортталатынын атап өтті.

Фото: pixabay.com

Самое читаемое