457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған бапкерлер сотталды

Жаттықтырушылар 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды.

Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотталып, 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі уақыт аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжатын жасап, 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды.

Шымкент қаласының прокуратурасының мәліметінше, мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелген.         

Фото: pixabay

Самое читаемое