Сенсация. Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен жеңді

Қазақстан құрамасы сенсациялық нәтиже тіркеді. Футболдан ЕУРО 2024 іріктеу матчы аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Дания құрамасын жеңді.
Ұлттық құрама матч басында 0:2 есебімен жеңіліп жатқан. Дегенмен, Адиев шәкірттері жігер танытып 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.
Құрама сапынан Бахтиер Зайнутдинов, Асхат Тағыберген, Абат Айымбетов гол соқты.
Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездескен-ді. Оның барлығында даниялық футболшылар жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы қазақстандық құрама сол кеткен есені қайтарды.
Енді Қазақстан алдағы ойынын 16 маусымда сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өткізеді.
Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында сынға түседі. Қарсыластары – Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино.