457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты: Қазақстанның 10 боксшы қызы рингке шығады

Қыздар әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды

13 наурызда бокстан Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер өтеді. Бұл кезеңге Қазақстан құрамасының атынан он боксшы сынға түседі, деп хабарлайды Malim.kz.

Жекпе-жектер Астана уақытымен 18:00-де басталады. Төменде спортшыларымыздың кездесулері көрсетілген:

- 48 келіге дейін: Назым Қызайбай – Анаонис Седено Рохас (Венесуэла)

- 50 келіге дейін: Алуа Балқыбекова – Айсен Таскин (Түркия)

- 54 келіге дейін: Жайна Шекербекова – Сара Циркович (Сербия)

- 57 келіге дейін: Карина Ибрагимова – Ян Цай (Қытай)

- 60 келіге дейін: Виктория Графеева – Ситора Турдибекова (Өзбекстан)

- 63 келіге дейін: Аида Әбікеева – Эсманур Лок (Түркия)

- 66 келіге дейін: Жасмин Кизатова – Альбина Молдажанова (Ресей)

- 70 келіге дейін: Наталья Богданова – Милена Матович (Сербия)

- 75 келіге дейін: Надежда Рябец – Николина Гажич (Сербия)

- 81 келіден жоғары: Елдана Тәліпова – Сара Миликович (Сербия)

Сурет: ДРС

Самое читаемое