457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шавхат Рахмоновтың ирландиялықпен чемпиондыққа таласы ресми бекітілді

Жекпе-жек 8 желтоқсанға жоспарланған

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавхат Рахмонов 8 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – ирландиялық жеңілмеген файтер Иан Машадо Гэрри, деп хабарлайды Malim.kz.

Ирландиялық спортшы жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Ол UFC-ге 2021 жылы дебют жасап, сол уақыттан бері 15 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Жекпе-жек 5 раундқа жоспарланған.

Бұған дейін Шавхат Рахмонов UFC чемпионы Біләл Мұхаммадпен жекпе-жекке шығуы тиіс болған. Алайда, денсаулығына байланысты тегі палестиналық спортшы бұл кездесуден бас тартты. Сол себепті басты жекпе-жектің орнына Рахмонов пен Гэрридің айқасы ұйымдастырылып отыр.

Фото: instagram/ufc

Самое читаемое