457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Рахмоновтың бүгінгі жеңісінен қанша тапқаны жарияланды

Дегенмен оның кездесуі үздік жекпе-жектер қатарына енбеді

Шавхат Рахмонов (19-0) пен ирландиялық Иан Гэрри (15-1) арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 310 турниріндегі үздік жекпе-жектер қатарына енбеді. Vesti.kz жазуынша, қазылар алқасының бірауыздан шешімімен Шавхат 48-47, 48-47, 48-47 есебімен жеңді, деп хабарлайды Malim.kz.

Алайда, жекпе-жек күткендей әсерлі болмағандықтан, кештің үздік жекпе-жектері тізіміне ілінбей, UFC-ден қосымша бонус алмады.

Осы жекпе-жек үшін Рахмонов 450 мың доллар табыс тапты: 350 мың доллар – кепілді гонорар, ал 100 мың доллар – жеңісі үшін.

Айта кетейік, Рахмонов соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында америкалық Стивен Томпсонды (17-8-1) мерзімінен бұрын жеңіп, октагонға шыққан еді.

Фото: instagram/shavkatrakhmonov94

Самое читаемое