457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегі қашан болатынын айтты (ВИДЕО)

Осыған дейін қазақ файтерін аустралиялық спортшы Джек Делла Маддалена (17-2) жекпе-жекке шақырған болатын.

UFC промоушенінің орта салмақ рейтингінде 3-орында тұрған қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) «Вестник ММА» YouTube арнасына октагонға қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстандық файтер келесі жекпе-жегін күзде өткізетінін мәлімдеді.

Бұған дейін DAR Team командасы Шавкаттың жазда октагонға шығуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Алайда файтер жекпе-жек күзде екенін айтты.

Әзірге ешкіммен келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз. Өйткені мен күзде дайын боламын. Бәлкім, қыркүйек немесе қазан айларында шығар. Көреміз. Әзірге нақты ақпарат жоқ. Жаттығуды енді бастадық, – деді Рахмонов.

Алайда нақты кіммен жұдырықтасатыны әзірге белгісіз. Осыған дейін қазақ файтерін аустралиялық спортшы Джек Делла Маддалена (17-2) жекпе-жекке шақырған болатын.

Меніңше, келесі қарсыласым Маддалена болады. Жоспарда Майкл Пейдж де бар. Шын айтсам, маған бәрібір кіммен төбелесетінім. Бастысы – тезірек титулдық жекпе-жек алуым. Күтуім керек. Нақты ештеңе айта алмайсың, біреу жарақат алып қалады, тағы басқа жағдайлар болуы мүмкін, – деді Шавкат Рахмонов.

Еске салайық, қазақстандық файтер өзінің соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын жеңді. 

Фото: видеодан скрин

Самое читаемое