457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қамшыбек Қоңқабаев Париж олимпиадасын аяқтады

Отандасымыз испаниялық Айюб Гадфа Дриссиге есе жіберді

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Malim.kz

Қоңқабаев 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, испаниялық Айюб Гадфа Дриссиге есе жіберді. 

Алғашқы раундта Қамшыбек  3:2 есебімен алға шыққан. Екінші кезеңде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласқа берді. 

Ал соңғы, шешуші раундта жеңіс қазақ боксшысына берілгенімен, жалпы жекпе-жекте жеңіс испандық боксшының еншісінде кетті. 

Осылайша, Дрисси ширек финалға өтті. Бұған дейін қазақстандық Асланбек Шымбергенов жарысты аяқтаған болатын.

Фото: ҰОК

Самое читаемое