Қамшыбек Қоңқабаев бастаған боксшылар Бакуде сынға түседі

Қазақстандық боксшылар Әзірбайжан астанасы Бакуде өтетін бокстан халықаралық турнирге қатысады.
Olympic.kz турнирге қатысатын Қазақстан боксшыларының тізімін жариялады.
- 48 келі: Теміртас Жүсіпов
- 51 келі: Дамир Әбдіқадыр
- 54 келі: Тимур Қабешов
- 60 келі: Талғат Сырымбетов
- 63,5 келі: Серік Теміржанов
- 67 келі: Бақтияр Смағұлов
- 71 келі: Дархан Дүйсебай
- 75 келі: Тимур Нұрсейітов
- 86 келі: Бекзат Таңатар
- 92 келі: Сағындық Тоғамбай
- +92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев
23 наурыз күні басталатын жарыс бір аптаға созылады. Турнирде Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Жалпы, оннан астам елден 100-ден аса боксшы қатысады.
ФОТО: pixabay