457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Париж-2024: Айбек Оралбай ширек финалда

Ол 1/8 финалда нигериялық қарсыласын жеңді

Париждегі Олимпиада ойындарында бокстан 92 келіде сынға түсетін отандасымыз Айбек Оралбай алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бірінші кездесуінде ол нигериялық Олайтан Адам Олаорені айқын басымдықпен ұтты. Алдымен бірінші раундтың ортасына қарай гүрзі соққысымен Олаорені құлатып, нокдаунға түсірді. Ал екінші раунда африкалық боксшы басым қайта-қайта төмен түсіргені үшін ескерту алды.

Үш раунд соңында төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп танып, 5:0 есебі тіркелді.

Жерлесіміз осылайша ширек финалға жолдама алып отыр.

Одан бөлек, ұлттық құрамамыздың туұстары Асланбек Шымбергенов пен Назым Қызайбай да бүгін рингке көтеріледі.

Фото: inform.kz

Самое читаемое