Көкшетау прокуратурасының мәліметінше, «Оқжетпес» футбол клубы 160 қызметкерінің жалақысын төлемеген, деп хабарлайды Malim.kz.
Осы уақытқа дейін клубтың жұмысшыларға беруі тиіс қарыз сомасы - 425 млн теңгеге жеткен. Прокуроратураның араласуынан кейін клуб берешегін толық өтеп, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылған.