Алимент қарызы бар адам 2 млн теңгесін ұтысқа салып жіберген

Қызылорда қаласының прокуратурасы алимент бойынша қарызы бар борышкерлердің букмекерлік кеңселерде қыруар қаражатқа бәс тігіп жүргенін анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, биыл 135 борышкер әкімшілік жауапкершілікке, 4 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған.
Мысалы, бір борышкердің балаға төленетін алименті бойынша қарызы 5,2 млн теңгені құрағанымен, ол 2 млн теңгеге жуық қаражатты «Олимп» букмекерлік кеңсесінде ұтылғаны белгілі болды, деп жазылған хабарламада.
Аталған борышкерге қатысты Қылмыстық Кодекстің 139-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, алимент қарызын толық өтегеннен кейін жәбірленушімен татуласып, ақталмайтын негіздермен қылмыстық іс тоқтатылған.
Фото: halyq-uni.kz