Ольга Сафронова іріктеуден өте алмады

Жеңіл атлет Ольга Сафронова Олимпиада ойындарында 200 метрге жүгіруден іріктеу сынынан өте алмады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұлттық құраманың туұстары Сафронова өз тобында мәреге жетінші болып келді. Оның уақыт көрсеткіші – 23.58 секунд.
Ал жартылай финалға әр топтан бірінші орын алған спортшылар ғана өтті. Дегенмен Ольганың әлі де мүмкіндігі бар. Ол жұбаныш айналымында жарыса алады.
Фото: ҰОК/Сали Сабиров