457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогі қайта табысталды

Ол бірнеше жыл бұрын кубокті қайтарып берген еді

Астанада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевпен кездесіп, оған Вэл Баркер кубогін табыстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Вэл Баркер Кубогі – Олимпиада ойындарындағы үздік боксшыға берілетін қайталанбас жүлде. 2004 жылы Афинадағы бокс бәсекесінде чемпион атанған Бақтияр Артаев жарыстың үздік былғары қолғап шебері деп танылды. Алайда Артаев өз кубогін бірнеше жыл бұрын халықаралық ұйымға тапсырып, осы мәселе шешімін таппаған еді. Қазақстан бокс федерациясы әлемдік спорттағы құнды жәдігер саналатын жүлдені қайтару үшін нақты қадамдар жасады. Осылайша, бүгін Вэл Баркер Кубогі өз иесін тауып отыр.

Фото: instagram/boxingkazakhstan

Самое читаемое