457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

Енді ол франциялық Бенджамин Бонзи немесе рейтингіде 266-сатыдағы америкалық Райан Пенистонның қай жеңгенімен кездеседі.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 132-ракеткасы Михаил Кукушкин көгал төсенішіндегі Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Kazinform.kz

Іріктеу додасында 27-ракетка болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 278-орында тұрған украиналық Виталий Сачкомен өткізді.

Екі сетте де 6:3 есебі тіркеліп, 1 сағат 15 минутқа созылған матчта Кукушкин жеңіске жетті. Ол 3 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Сачко 2 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Михаил Кукушкин іріктеу жарысының жартылай финалында әлемнің 152-ракеткасы, франциялық Бенджамин Бонзи немесе рейтингіде 266-сатыдағы америкалық Райан Пенистонның қай жеңгенімен кездеседі.

Фото: inbusiness.kz

Самое читаемое