457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Көкпардан ұлттық құрама Өзбекстанды айқын басымдықпен жеңді

Көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан көкпаршыларын 16:00 есебімен жеңді, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі. 

Бірінші таймда қазақстандық көкпаршылар 8:0 есебімен алда келе жатты. Екінші таймда есепті 16:00-ге жеткізді.

«Қарсыласымызды өте жақсы білеміз. Өзбекстанға барғанда ойнағанбыз. Аттарымызды барынша дайындадық. Жеңіске жетуге барымызды салдық»,  – деді көкпардан ұлттық құрама спортшысы Құрманбек Тұрғанбек.

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия  және Түркия. 

Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.

Фото: Мақсат Шағырбай

Самое читаемое