457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Германия құрамасымен бәсекеде Қазақстан алға шықты

Рыбакина қарсыласынан басым түсті

Аустралияның Перт қаласында Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің ширек финалында өткен жылғы чемпион Германиямен бетпе-бет келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан теннис федерациясының жазуынша, алғашқы ойында әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 80-орында тұрған Лаура Зигемундпен сынға түсті.

Бірінші партияда есеп 3:2 болған мезетте Рыбакина брейк жасай білді – 4:2. Сет біткенше сол басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3.

Екінші сетте қазақстандық теннисші тағы да алға кетті – 2:1. Тағы бір брейк – 4:1. Сосын матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:1.

Осылайша, Елена Рыбакина Қазақстанды алға шығарды – 1:0.

Бұдан кейін рейтингте 78-сатыдағы Александр Шевченко әлемнің 254 ракеткасы Даниэль Мазурмен кортқа шығады.

Фото: ҚТФ

Самое читаемое