457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Геннадий Головкин спортшыларды қолдау үшін Парижге барды

Головкин араға 20 жыл салып олимпиадалық ауылға барды

Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына бірер күн қалғанда Парижге (Франция) барды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өзінің Instagram-дағы парақшасында GGG олимпиадалық ауылдан суреттер жариялап, қай кезде де қазақстандық спортшыларды қолдауға дайын екенін жеткізді:

Осындамыз. Біздің команданың атлеттері үшін қай кезде де ашықпын. Олимпиадалық ауылдағы тағы бір тәжірибе. 20 жыл өткен соң, - деп жазды Геннадий.

Айта кетейік, Головкин 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған.

Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде күні басталады, бұл аламанда Қазақстан атынан 80 спортшы бақ сынайды.

Фото: instagram.com/gggboxing

 

Самое читаемое