457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев мансабын аяқтады

Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев спорттық мансабын аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.


Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.

Қамшыбек Қоңқабаев - кәсіпқой және әуесқой боксшы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021), Дүниежүзілік әскери ойындарының күміс жүлдегері (2015), әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы (2014), Болгарияда халықаралық турнирдің жеңімпазы (2015), ҚР спартакиадасының чемпионы (2015), әуесқойлар арасында ұлттық біріншіліктің чемпионы және жүлдегері атанған. 

Фото: olympic.kz  

Самое читаемое