457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асу Алмабаевты жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Өткен аптада жерлесіміз UFC-дегі үшінші айқасын жеңіспен аяқтаған болатын.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (20-2) Алматыға оралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алмабаевты жанкүйерлері әуежайдан бар құрмет-қошеметпен күтіп алды. Алмабаевтың елге келген сәтінің видеосын Dar Pro Team өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Лас-Вегаста өткен (Невада штаты, АҚШ) UFC on ESPN 58 турнирінде Алмабаев американдық Хосе Джонсонды (16-9) жеңді. Үш төреші де жеңісті қазақстандық спортшыға берді –  30-27. Бұл спортшымыздың карьерасында тұңғыш рет басты кардта өнер көрсетуі болатын.

Алмабаев айқастан соң дивизионда төртінші нөмірде тұрған жаңазеландиялық Кай Кара-Франсты (24-11) жекпе-жекке шақырды.

Самое читаемое