457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асу Алмабаев UFC үздіктерімен төбелесуге дайын екенін мәлімдеді

Ол үзіліссіз жекпе-жек өткізіп, рейтингте көтерілуді жоспарлап отыр

Асу Алмабаев UFC-дегі алдағы жоспарлары туралы айтты. Отандасымыз рейтингте тез көтерілу үшін мүмкіндігінше жиі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Malim.kz.
15 маусымда қазақстандық файтер Америка лигасында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Осыдан кейін ол рейтингте бесінші орында тұрған Кай-Кара Франсты жекпе-жекке шақырды. Дегенмен жаңазеландиялық жауынгер қарсыласын тауып үлгерді. Енді Алмабаев дивизионның бірінші қатарында тұрған Брэндон Ройвалмен жұдырықтасқысы келеді.

"ТОП-5-тіктің тізімінде тұрғандармен төбелескім келеді. Ройвалмен қуана-қуана жұдырықтасар едім. Шын мәнінде, кез келгенімен жұдырықтасуға дайынмын. Ең бастысы - үнемі белсенді болу және жиі төбелесу. Неғұрлым жиі жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетсем, рейтингте соғұрлым тез көтерілемін. Мен менеджерге қазан айында жекпе-жекке дайын болатынымды айттым», - деді Алмабаев Вестник ММА басылымына берген сұхбатында.

Фото:  Getty Images

Самое читаемое