Жетісу облысында ақбөкен мүйізінің ірі партиясын тәркіленді
Жаркент қаласында Mitsubishi Galant көлігінен ақбөкен мүйізінің ірі партиясы тәркіленді, деп жазды polisia.kz.
«Автокөліктің салоны мен жүксалғышында ақбөкен мүйізі салынған 6 қорап пен сөмкелер табылды. Олардың жалпы саны 1382 бірлікті құрады. Сирек кездесетін жануарлардың дериваттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды», – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізілуде.
Фото: видеодан скриншот