457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жетісуда күйдіргі көмілген жерлердің маңайы мемлекетке қайтарылды

Жалпы қайтарылған жер аумағы 14,6 гектарды құрайды

Жетісу облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті Сарқан ауданындағы күйдіргі жерленген аумақтарға жақын жерде кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысқан жер пайдаланушыға қатысты сотқа талап арыз берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Талап арызда жалпы ауданы 14,6 гектар жер учаскесін жалға алу шартын жарамсыз деп тану, жер пайдаланушыдан бүлінген жерлерді жобалық негізде қалпына келтіруді қамтамасыз ету және уақытша өтеулі ұзақмерзімді жер пайдалану құқығын тіркеуді жою туралы талаптар қойылған.

Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды толық көлемде қанағаттандырды. Сот шешімімен аталған жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Самое читаемое