Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

Бүгін Жамбыл облысындағы «Қазақмыс» компаниясының «Жайсан» кенішінде қайғылы оқиға болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахта проходкалау тресінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері жарақат алған. Олар көп ұзамай кеніште мерт болды.
Хабарламада «Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - деп жазылған.