Шымкентте жалған ақша жасаушылар ұсталды
Шымкентте жалған ақша жасаушылар ұсталды. Олар 84 200 АҚШ доллары мөлшерінде жалған ақша қаражатын өткізбек болған.
«Күдікті екі адам ұсталды және оларға қатысты соттың санкциясымен 2 ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.
Сондай-ақ, агенттік азаматтарды қолма-қол ақша операциясы мен есеп айырысу кезінде қырағылық танытуға шақырады.
Фото: видеодан скриншот