Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарының бейітінің үстіне жол салынған

Телеарна мәліметінше, сталиндік репрессия жылдарынан бері бұл жер Қайтпас деп аталады. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды тура осы екі сайдың ортасында атқан деседі. Тарихшылардың айтуынша, мұнда жүздеген адамның мүрдесі жатыр.
Құрылыс жұмыстарына ауыл тұрғындары тоқтатуды талап етсе де, шенеуніктер жол салуға рұқсат еткен.
"Топосъемка, бас жоспарда мазарат бар деп көрсетілмеген. Мен өзім ештеңе шеше алмаймын. Әзірге тоқтап тұрмыз, жұмыс жүріп жатқан жоқ. Негізі жоба берілген, сол бойынша істеп жатырмыз", - деді мердігер компанияның учаске басшысы Әлішер Ханәлиев.