457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Соңғы 2 айдың ішінде қызылша ауруы 38%-ға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, қосымша иммундау шеңберінде вакцинациялауға жататын адамдардың 92%-ы егілді.

«Бұл ретте қызылшамен сырқаттанғандарды тіркеу жалғасып жатыр, осыған байланысты ата-аналар балаларының қызылшаға қарсы екпе алғанын тексеруі қажет. Вакцинация алмаған жағдайда тіркелген жері бойынша емханаға баруды ұсынамыз», - делінген хабарламада.

Қызылшаның белгілері ЖРВИ-ге ұқсас: дене температурасы көтеріледі, жөтеледі,  4-5 күннен кейін бөртпе пайда болады.

Сондай-ақ, министрлік қызылша асқынып, салдары энцефалит, пневмония, отитке әкеп соғатынын ескертті.

 Қызылшаның профилактикасының жалғыз сенімді құралы – уақтылы вакцинациялау. Вакцинациялау 1 және 6 жастағы балаларға жүргізіледі. Вакцинациялау арқылы балаларыңызды қызылшаның ауыр түрінен және оның салдарынан қорғайсыз, - деп ескертті министрлік.

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Самое читаемое