457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда алаяқтар көбінесе қандай сөзді қолданады?

Ішкі істер министрлігі телефон арқылы қазақстандықтарды алдайтын алаяқтар жиі қолданатын алты сөз тіркесін атады, деп хабарлайды Polisia.kz .

Егер сізге бейтаныс адам қоңырау шалған кезде мына сөз тіркесін естісеңіз, дереу телефонды тастаңыз, - деп хабарлады ІІМ.

Алаяқтардың жиі айтатыны:  

  • сіздің ақшаңызды ұрлағалы жатыр, күдікті  операция тіркелді;
  • SMS-кодын жазып жіберу;
  • тергеу амалдары жүріп жатыр, алаяқтарды ұстауға көмектесіңіз және ақпаратты жария етпеңіз;
  •  несие рәсімдеуге өтінім берілді;
  • арнайы және қауіпсіз шотқа ақша аудару;
  • банк картаңыздың/SIM картаңыздың мерзімі аяқталып қалды.

Полиция азаматтарға қырағылық танытып, туыстары мен достарына ескерту жасауға кеңес береді.

 

ФОТО: pixabay

Самое читаемое