457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мәсімов ресейлік спортшыға жанкүйер

Ресейлік спортшы Хабиб НУРМАГОМЕДОВ кезекті жеңісіне жетті. UFC чемпионы Абу-Даби қаласындағы турнирде америкалық Джастин ГЭТЖИДІ жеңді. Осылайша ресейлік спортшы чемпиондық белбеуін үшінші рет қорғап шықты.

Ресей спортшысын Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім МӘСІМОВ құттықтаған. Арнайы бұл жекпе-жекке барған Кәрім ҚАЖЫМҚАНҰЛЫНЫҢ чемпионды құттықтап жатқан фотосы ғаламторды шарлап та кетті. ҰҚК-де Мәсімов мырза ғана Хабибтің жанкүйері емес сияқты. Оның бірінші орынбасары Самат ӘБІШ-те ресейлік спортшы үшін тақым қысатындардың бірі көрінеді. Ресейлік «Терек» футбол командасына бір кезде ұшақ сыйлаған қазақ миллионері Кеңес РАҚЫШЕВ мырза да Хабибтің фанаты.

Әрине, әркімнің өз шаруасы ғой кім-кімге жанкүйер болатыны. Қай спорттың түрін көретіні. Бірақ қазақтың даңқын аспандатқан, әлем боксының тарихына өз атын қалдырған боксшымыз Генадий ГОЛОВКИННІҢ жеңісті сәттерінде бай-бағландарымыз бен шенділеріміз жүрмейді екен. Алайда есесіне Головкинді «Нұр Отанның» жиынына шақыруды ұмытқан емеспіз.

Сонымен әңгіме Хабибтің жеңісінен басталып еді ғой. Ережесіз жекпе-жекте мүлдем жеңілмеген спортшы өз карьерасын аяқтады. Чемпиондық атақты 2018 жылы ұтып алған спортшы бұл турнирде жанкүйерлерімен қоштасты.

Фотолар ғаламтордан алынды.

Самое читаемое