457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

GGG/Альварес: Трилогия бола ма?

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий ГОЛОВКИН мексикалық спортшы Сауль "Канело" АЛЬВАРАСПЕН үшінші жекпе-жек туралы ойын айтты. Бұл туралы Malim.kz vesti.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (54-1-2, 36 КО) бұған дейін екі рет рингке шыққан. Алғашында тең түссе, екінші кездесуде жеңіліп қалды. Бұл қазақ боксшысының кәсіпқой спорттағы алғашқы жеңілісі.

«Альварес әлемге біздің үшінші жекпе-жек туралы ойын ашық айтты. Жақсырақ ұсыныс күттім деп, турасын ашық айтты. Оны көбірек толғандыратын мәселе осы. Сондықтан оған сол бір ұсыныс жасалса - маған қатысты - екеумізге де тұщымды ұсыныс жасалса, үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін. Ал егер екі тараптан біреуі ұсынысқа риза болмаса, бұл басқа әңгіме. Уақыт өтті, жағдай өзгерді - қазір жағдай өзге, қарым-қатынас та басқа», - деп береді Головкиннің сөзін The Athletic. 

2020 жылдың 19 желтоқсан күні Головкин поляк боксшысы Камил ШЕРЕМЕТТІ (21-1, 5 КО) жеңген соң Альвареспен үшінші жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеген болатын.

Фото: baigenews.kz

Самое читаемое