457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елімізде 4,5 млн-ға жуық әйел жұмыс істейді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, республикада түрлі салада 4 370 715 әйел  жұмыс істейді. Бұл - жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3%.

Егер 3,4 млн әйел жалданып жұмыс істесе, 940 мың әйел – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Салалар бөлінісінде әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді – барлық жұмыспен қамтылған әйелдің 20%, көтерме және бөлшек саудада – 19,6%, ауыл шаруашылығында – 9,7%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,6%, өнеркәсіпте жұмыс істейтін әйелдердің 7,8% еңбектенеді.

Статистика бойынша, ақпарат және байланыс саласында әйелдердің үлесі аз, барлық жұмыспен қамтылған қыз-келіншектің 1,6% ғана.

Фото: pexels

Самое читаемое